1921 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Әскери білімі, мамандығы. Солтүстік Кавказ әскери округі жанындағы Ростов әскери-саяси училищесі кіші саяси жетекшілерінің курсы (Ростов-на Дону қ. 1942), кіші саяси жетекші.
Атағы. Лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың қарашасында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 2-ші Орджонекидзевск жаяу әскер училищесі құрамында барлау эскадронының командирі ретінде, Сталинград майданы 99-шы танк бригадасы құрамында ротаның саяси жетекшісі, Оңтүстік майданы 59-шы жеке атқыштар батальоны автоматшылар-десантшылар ротасының командирі ретінде шайқасқан. Сталинград қаласын қорғауға. 1943 жылы жарақатына байланыстыәскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар облысы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарында, Павлодар облысы Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі паспорт үстелінің бастығы болып жұмыс істеген. КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.
Марапаттары: Ордендер: Отечественной войны І степени, Отечественной войны ІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За оборону Сталинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг».