Мапитов Камал (Камел)

1919 жылы 5 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған; 1984 жылы 23 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл аудны Баянауыл ауылында қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауыгерлік жолы. 1939 жылы 10 қазанда ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына 601 атқыштар полкінің құрамында қатысқан. Кеңес-жапон соғысына қатысты. 1946 жылы 10 тамызда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Басқарма төрағасының дайындау жөніндегі орынбасары, Баянауыл аудандық тұтыну одағының Баяауыл ауылдық асханасының меңгерушісі, Баянауыл арнайы байланыс пунктінің фельдъегері, Баянауыл аудандық байланыс кеңсесінің Октябрь байланыс бөлімшесінің бастығы, Екібастұз байланыс торабының фельдъегері, өнеркәсіптік тауар қоймасының меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, Баянауыл аудандық тұтынушылар одағының сауда базасының жұмысшысы, Баянауыл астық қабылдау пунктінің құрама жем зауыты өндірісінің меңгерушісі (Павлодар облысы) болып жұмыс істеді.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені; «За победу над Японией» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдар.