1926 жылы желтоқсан айында «Қалмақ-қырған» тауының оң жақ етегінде «Шатырлы бұлақ» деген жерде дүниеге келген. 2008 жылдың қазан айында қайтыс болды.
Жауынгерлік жолы. № 283 Суворов атындағы Қызылтау дивизияның құрамында Варшава, Брандинбург қалалардың маңындағы, Одыр өзенінің бойында шайқастарға қатысқан.
Еңбек жолы. Баянауыл аудандық қаржы бөлімінде инспектор болып еңбек етті. Қызылшілік кеңесінің хатшысы, кейін төрағасы болып жұмыс атқарды. Жосалы, Баянауыл және Жаңажол кеңшарларының бөлімше менгерушісі болып және Торайғыр кеңшарында сауда бірлестігінің директоры болып еңбек етті. Жосалы совхозында бөлімше меңгерушісі, кейін жергілікті Кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді.
Марапаттары. «Кенигсбергті алғаны үшін», «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Германяны женгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «КСРО Қарулы күштеріне 50 жыл», «1941-1945 жж ҰЛЫ Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл», «Кеңес әскері мен флотына 30 жыл» медальдары.