Машрапов Шәктай

1922 жылы Баянауыл ауданының «Қызыл қоғам» колхозында (Жаңажол ауылдық округіндегі «Бүркітті» ауыл) туған. 1944 жылы 15 тамызда қайтыс болған.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылы маусым айында Қызыл әскер қатарына шақырылды. 1-Балтық майданының 97- ші атқыштар дивизиясының 1943 жылдың 10-сәуірінен 83-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта аталған дивизия құрамында жауға қарсы соғысып, Орлов, Брянск, Городок, Витебск, Оршан, Минск, Вильнюс және Каунас» шабуылдау  операцияларына қатысқан.

Марапаты. «Ерлігі үшін» медалі.