Мақышев Малғаждар

1919 жылдың 15 қазанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1955 жылдың 5 наурызында қайтыс болған, Павлодар облысының Железин ауданы Михайловка ауылы.

Әскери білімі, мамандығы. Омбы артиллериялық-минометтік училищесі (1942), артиллерист.

Атағы. Гвардия старшинасы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 15 қыркүйегінде шақырылған. Ұлы Отан соғысында 18-ші гвардиялық миномет бригадасы құрамында жалынды взводының командир ретінде; 30-шы гвардиялық миномет бригадасының 4-ші гвардиялық миномет дивизионы құрамында батарея командирінің әскери бөлім бойынша орынбасары ретінде; 9шы гвардиялық армия 37-ші гвардиялық атқыштар корпусы 319-шы гвардиялық миномет полкінің 3-ші дивизионы құрамында 5-ші батарея командирі ретінде (Брянск, 3-ші Украина майдандары) шайқасқан. Венгрияны, Австрияны азат етуге қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Май ауданы Мойск орыс орта мектебінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, Қазақ КСР МҚМ Максим Горький аудандық бөлімінің аға жедел уәкілі, КСРО Дайындау министірлігінің Павлодар облысы бойынша уәкілі бөлімінің аға инспекторы, КСРО Дайындау Министірлігінің Михайловка ауданы бойынша уәкілі (Павлодар облысы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары: Ордендер Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За взятие Вены», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».