Мендуинов Темірхан Мендуинович

1905 жылы 15 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған; 1991жылы 5 мамырда Павлодар облысының Ермак ауданында қайтыс болған.

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы. Ұлы Отан соғысына Брянск майданының  287-ші атқыштар дивизиясының 866-шы атқыштар полкінің құрамындағы атқыш ретінде қатысты. Жараланғанына байланысты әскерден қайтады.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Ермак ауданы Ермак аудадық ауылшаруашылық басқармасында, Қ.Камзин атындағы кеңшарда дайындаушы болып жұмыс істеді.

Марапаттары. Отечественной войны І степени ордені; «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдар; «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»  мерейтойлық медальдар, «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» төсбелгісі.