Меркулин Лев Дмитриевич

1924 жылы туған. Өзбекстан Республикасының тумасы.

Әскери білімі. Атқыш.

Жауынгерлік жолы. 1941 жылы 15 мамырда ЖШҚА-ға шақырылды. Солтүстік  Кавказ майданының құрамында автоматшы ретінде соғысты.

Еңбек жолы.   «Баянауыл » кеңшарының есепшісі, «Южный» кеңшарының әр түрлі жұмысшысы (Павлодар облысының Баянауыл ауданы) болып жұмыс істеді.

Марапаттары. «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг» медалі.