Молдаханов Қайыржан

1919 жылы 21 мамырда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1984 жылы 20 тамызда қайтыс болды, Павлодар облысы Екібастұз ауданының Қарасор ауылы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы 10 қазанда шақырылды. Ұлы Отан соғысында 41- ші атқыштар дивизиясы құрамында қатысты. Белоруссияны, Украинаны, Польшаны азат етуге қатысты. 1944 жылы 6 қарашада жараланғанына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Майкөбе геологиялық  барлау партиясында бұрғылаушы, малшы, шопан, Целиноград теміржолының бригадирі болып жұмыс істеді.

Марапаттары. «За оборону Киева», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-945 гг.» медальдар; «Двадцать лет победы в Великой Отечественой войне в  1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественой войне в  1941-1945 гг.»  мерейтойлық медальдар.