Мықтыбаев Шәмкен Шапықұлы

1919 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы 28 қыркүйекте шақырылды. Ұлы Отан соғысына 261-атқыштар полкінің құрамында (Солтүстік-Батыс майдан) байланыс взводының командирі ретінде;  238- ші армияда взвод командирі ретінде  (1-ші Украина майданы) қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы «Южный» кеңшарында жүргізуші болып жұмыс істеген.

Марапаттары. «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалі.