Мұзафаров Жанысбай (Жаңабай, Жанебай, Жанспай, Жансбай) Мұзафарұлы

1925 жылы 10 ақпанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі. Кіші командирлер мектебі (1943).

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың қаңтарында (наурызында) шақырылды. 1 Украина майданының 28-армиясының 130-шы  атқыштар дивизиясының 528-ші атқыштар полкінің құрамында 3-ші атқыштар батальонының пулемет есептеу командирі ретінде соғысқан. Белоруссия, Польша, Чехословакия, Германияны азат етуге қатысты.

Еңбек жолы. «Иртышуглестрой» тресінде, «Экибастузуголь» өндірістік  бірлестігінде, «Северный » көмір кешенінің механигі, электромеханикалық цехінің шебері болып жұмыс істеді. (Екібастұз қаласы. Павлодар облысы).

Марапаттары. Отечественной войны І степени, Славы ІІІ степени ордендер; «За отвагу» (екі), «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За взятие Кёнигсберга », «За взятие Берлина», «Ветеран труда» медальдар; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдар; «Отличный пулеметчик», «25 лет Победы в Великой Отечественной войне » төсбелгілері.