Мұратов Балкен

1925 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгелік жолы. 1943 жылы 25 қаңтарда ЖШҚА-ға шақырылды. 2-ші Украина майданының 7-ші танк корпусының 64-механикаландырылған бригадасының құрамында соғысқан. 1944 жылы жарақаттануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Майқайың поселкелік кеңесінде, Майқайың қазақ орта мектебінде аға тәлімгер, «Майкаинзолото» тресіндегі (Павлодар  облысының Баянауыл ауданы) үй басқармасының бухгалтері, Павлодар облыстық кәсіподақтың еңбек және жалақы бөліміні нұсқаушысы, аға нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

Марапаттары. «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.