Мұсырманов Тәуекел Мұсырманұлы

1914 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың желтоқсанында шақырылған. 3-ші Украина майданы 37-ші армияның 66-шы атқыштар корпусы құрамында 987-ші жеке байланыс батальонының атқышы, шаруашылық бөлімінің аға хатшысы, іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі ретінде шайқасқан. Украинаны азат етуге қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Жоспарлау-қаржы секторының бастығы, Павлодар облыстық «Заготскот» кеңесінің басқарушысы болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».