Мұхаметжанов Әшім Асайынұлы

1921 жылдың шілдесінде туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі, мамандығы. Кіші командирлер курсы. 8-ші атқыштар дивизиясының 310-шы атқыштар полкі полк мектебі (Аягөз қ. 1942), бөлімше командирі.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың қаңтарында шақырылған. Брянск майданы 8-ші атқыштар дивизиясының 310-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальоны 1-ші ротасының бөлімше командирі ретінде; 13-ші армия 2-ші атқыштар ротасы 1-ші атқыштар батальоны 310-шы атқыштар полкі 8-ші атқыштар дивизиясы взвод командирінің көмекшісі, хатшы ретінде шайқасқан. 1943 жылы жарақатына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл аудандық ерекше авиахим кеңесінің төрағасы. Қазақстан ЛКЖО Баянауыл аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аудандық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, куйбышев ауданы Коминтерн МТС партия бюросының хатшысы, Баянауыл ауданы «Алексеевка», Май ауданы «Ақшиман» кеңшары партия комитетінің хатшысы (Павлодар облысы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Медальдар:  «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освоение целинных земель».