1911 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Әскери мамандығы. Атқыш.
Атағы. Гвардия сержант.
Жауынгерлік жолы. 1941 жылы 15 тамызда ЖШҚА-ға шақырылды. (1942). 8-ші атқыштар дивизиясының 23-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында; атқыштар ротасының атқышы, 46-гвадиялық атқыштар дивизиясының 135-ші гвардиялық атқыш полкінің құрамында 45 мм зеңбіректердің снарядтарын тасымалдаушы ретінде соғысқан (1,2-ші Балтық майдандары). Новгород облысының Холм қаласы үшін, Псков облысының (РСФСР) Новосокольники қаласы үшін, Литваны азат ету үшін болған шайқастарға қатысты.
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені; «За отвагу», «За боевые заслуги» медальдары.