1910 жылы туған, Павлодар облысының тумасы; 1990 жылы қайтыс болды, Ақкөл ауылы Екібастұз ауданы Павлодар облысы.
Әскери мамандығы. Минометші.
Атағы. Кіші сержант.
Жауынгерлік жолы. 1942 жылы сәуірде ЖШҚА-ға шақырылды. 1,2-ші Белоруссия майдандарының 3-ші армиясының 269-шы атқыштар дивизиясның 1020-атқыштар полкінің 120 мм минометтерді оқтаушы ретінде соғысқан. Орел қаласы (РСФСР) жанындағы, Курск доғасындағы шайқастарға, Польша, Германияны азат етуге, Берлиннің оңтүстік-шығысында жауды қоршауға және жоюға қатысты.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Шідерті орта мектебінде мұғалім, директор, Куйбышев ауданы Ақкөл ауылдық кеңесінің төрағасы, Екібастұз ауданы Ақкөл кеңшарындағы мұнай базасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Славы ІІ степени, Славы ІІІ степени ордендері; «За отвагу», «За взятие Кёнигсберга», «За взятие Берлина», «За освобождение Варшавы, «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель» медальдар; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалі.