Мұқатов Садық Айтқожанұлы

1922 жылы 15 қаңтарда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1986 жылы 5 сәуірде қайтыс болды.

Әскери мамандығы. 1942 жылы қаңтарда ЖШҚА-ға шақырылды. 18-ші армияның 351-ші атқыштар дивизиясының 904 – ші артиллериялық полк құрамында (Қырым, Солтүстік Кавказ, 1, 4 Украина майдандары.) құрамында 5-ші батареяның аға инспекторы, аға телефон операторы ретінде соғысқан. Кубань, Керчь қаласы үшін болған шайқастарға қатысты. 1946 жылы 23 қазанда әскерден қайтарылды.

Еңбек жолы. «Майкаинзолото» комбинатының Майқайың кен байыту фабрикасында жүк тиеүші, классификатор-диірменші, аға жіктеуіш, аға фильтрист, «Майкаинзолото»  өндірістік бірлестігінің № 14 дүкенінде жүк тиеуші-жұмысшы (Павлодар облысының Баянауыл ауданы) болып жұмыс істеді.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Славы ІІІ степени ордендер; «За отвагу» (екі), «За оборону Кавказа», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдар; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. » , «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдар; «Воин-спортсмен» ІІ степени, «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» төсбелгілері.