Мәжитов Жұқан Кәрімұлы

1923 жылы 6 қарашада Павлодар облысында туған,  2000 жылы қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Пулеметші.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылдың ақпан айында ЖШҚА-ға шақырылды. Кеңес-жапон соғысына племет взводы командирінің орынбасары ретінде қатысты. 1948 жылы 1 сәуірде әскерден қайтарылды.

Еңбек жолы. Шарбақты ауданының Ішкі істер органдарының жедел уәкілі, Баянауыл ауданы Майқайың кенті, Қалқаман астық қабылдау пунктінің, Қалқаман автобазасның (Павлодар облысы) аға экономисі болып жұмыс істеді.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені, «За победу над Японией» медалі;  «Ветеран войны 1941-1945 гг.» төсбелгісі.