Мәмбетов Балтабай

1921 жылы 2 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған.         

Әскери мамандығы. Далалық кабель желілерінің байланысшысы.

Атағы. Гвардия старшинасы.

Жауынгерлік жолы. 1941 жылдың қыркүйек айында ЖШҚА-ға шақырылды. Минер ретінде 10-шы гвардиялық штурмдық авиациялық дивизияның 37-ші жеке гвардиялық байланыс ротасының құрамында старшина ретіде соғысты. Ржев бағытында жаудың қорғанысын бұзу жөніндегі операцияларға, Курск доғасындағы операцияларға, Румынияны, Югославияны азат етуге қатысты. 1948 жылдың қарашасында әскерден қайтарылды.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қазақ КСР-ің 20 жылдығы атындағы ұжымшарда ұжымшаршы болып жұмыс істеді. Баянауыл аудандық мәдениет бөлімінің Қызыл киіз үйінің меңгерушісі, Баянауыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан  Компартиясы       Баянауыл аудандық  комитеті насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі, Баянауыл аудандық атқару комитеті төрағасының  орынбасары қызметтерін атқарды.

Марапаттары. Отечественной войны І степени, Славы ІІІ степени ордендер; «За освобождение Белграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За трудовое отличие», «За освоение целинных земель» медальдар.