Ниязбеков Қабдолла

1918  жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Тендік аулының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Гвардия кіші лейтенанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1938 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 1941 жыылдың маусымынан бастап 105-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 345-ші гвардиялық атқыштар полкі 3-ші атқыштар батальоны взводының командирі, 7-ші армия 314-ші ақыштар дивизиясы құрамындағы атқыштар полкі командирінің көмекшісі ретінде қатысқан (Волхов, Ленинград, 1-ші Украин майдандары).

Еңбек жолы. «Майкаинзолто» комбинаты «Жосабы» кенішінің шебері, Баянауыл дайын өнімдер шаруашылығы басқарушысының орынбасары, Баянауыл ауылдық өнеркәсіптік комбинатының өндіріс жөніндегі меңгерушісі, Баянауыл ауданы Майқайың кенті өрт сөндіру тобы қарауылының бастығы, Баянауыл аудандық тұтынушылар одағы қоймасының меңгерушісі болып жұмыс істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Красной Звезды ордені; «За взятие Вены», «За победу над  Германией  в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»  медальдары. «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейиойлық медалі.