Нургазин Калым

1918 жылы туған, Павлодар облысы  Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Танкист.

Атағы. Гвардия аға сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 5-ші гвардиялық танк армиясы 3-ші гвардиялық танк копусы 18-ші гвардиялық танк бригадасы  3-ші танк батальоны құрамында Т-34 танк мұнарасның командирі; 5-ші гвардиялық танк армиясы  29-шы танк корпусы 31-ші танк бригадасы 1-ші батальон құрамында  Т-34 танкінің оқтаушысы ретінде қатысқан.  Румынияны азат етуге қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылқоғам ауылдық кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Славы  ІІ степени, Славы  ІІІ степени ордендері; «За оборону Ленеинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.