1913 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Атағы. Аға лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың қыркүйек айынан бұрын шақырылған. (158-ші атқыштар) дивизиясы (Калининск майданы) 875-ші атқыштар полкі құрамында миномет ротасының командирі ретінде соғысқан.
Еңбек жолы. Галкин ауданы Тереңгүл ауылдық кеңесінің төрағасы, Баянауыл ауданы Баянауыл орман-өндірістік шаруашылығында директор болып жұмыс істеген (Павлодар облысы).
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі.