Оспанов Қалел Оспанұлы

1923 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. 326-шы атқыштар дивизиясының 1101-шы атқыштар полкі 1-ші бальонның 2-ші ротасы құрамында пулемет есебі командирі ретінде соғысқан (Солтүстік-Батыс, 2-ші Балтық бойы майдандары) 1945 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан Компартиясы Каганович аудандық комитетінде насихатшы, Каганович аудандық «Сталин жолы» газетінде жауыапты хатшы, Қазақстан ЛКЖО Каганович аудандық комитетінде бірінші хатшы, Май аудандық «Сталин туы» газетінде редактор, Қазақстан Компартиясы Май аудандық комитетінде насихатшы болып істеген.

Марапаттары. Ордендері: Отечественной войны IІ степени, Красной Звезды: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», мерейтойлық медальдар «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»,«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.».