Оспанов Қоңқыш

1921 жылдың наурызында туған, Павлоар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1971 жылы 6 қыркүйекте (Павлоар облысы Краснокутскі ауданы  Краснокутскі а. қайтыс болған).

Әскери білімі, мамандығы. Ф.Энгельс атындағы Ленинград әскери-саяси училищесі (1943), саяси жетекші.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. 26-шы атқыштар дивизиясы құрамында автоматшы, 151-ші атқыштар бригадасы құрамында барлаушы; 150-ші атқыштар дивизиясының 756-шы атқыштар полкі құрамында барлаушы, атқыштар батальонының комсоргы; 977-ші жеке байланыс батальон комсоргы ретінде соғысқан (Калинин, Ленинград, 1-ші Белорус, 2-ші Балтық бойы майдандары). Польшаны, Германияны азат етуге қатысқан. 1946 жылдың тамызында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы бойынша нан өнімдерін жұмсау және сақтауды бақылау жөніндегі КСРО мемлекеттік бақылау Министірлігінде мемлекеттік бақылаушы, Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық комитеті ауыл шаруашылық бөлімінде нұсқаушы (Павлодар қ.), Қазақстан Компартиясы Куйбышев аудандық комитетінде хатшы, Павлодар ауданы Карл Маркс ат. ұжымшарда төраға, Куйбышев ауданы Харьков МТС «Агрономия» кеңшарында бастауыш партия ұйымының хатшысы, Куйбышев аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Краснокутскі аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде меңгеруші, Краснокутскі аудандық комбинатта директор, Краснокутскі аудандық жоспарлау комиссиясында төраға болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Ордендері: Отечественной войны I степени, Отечественной войны IІ степени, Красной Звезды, «Знак Почета»; медальдар: «За боевые заслуги», «За освободние Варшавы». «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. ».