Рустемов Сыздыкбай

1901 жылы 15 қаңтарда туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы № 3 ауылдың тумасы. 1986 жылы 5 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданының, Торайғыр ауылында қайтыс болған.

Атағы. Аға лейиенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылы қазанда шақырылған. Ұлы Отан соғысында 98- атқыштар бригадасы құрамнда, 484-миномет полкі құрамында, 67-ші , 43-ші автополктар құрамында соғысқан. 1945 жылы 25 қыркүйекте әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Авторанспорттық контораның шофері, № 1 құрылыс-монтаж басқармасының слесарь-майлаушысы, «Ертіскөмірқұрылыс» трестінің № 3 құрылыс басқармасының краншы-шофері, Екібастұз №1 , № 3 автобазаларының шофері, Павлодар облыстық атқару комитетінің шофері, Павлодар облысы, «Екібастұз» кеңшарының, Баянауыл ауданы, Торайғыров атындағы кеңшардың шофері, Баянауыл ауданыдық білім берубөлімінің шофері болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені, «За победу над Германией в Великой Отечественой войне 1941-1945 гг.» медалі.