1919 жылы 24 желтоқсанда туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы. 2007 жылы 6 маусымда Екібастұз қаласы, Төртқұдық ауылында қайтыс болды.
Атағы. Қатардағы жауынгер.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы наурызда шақырылған. Ұлы Отан соғысында 550-ші, 178-ші атқыштар полктері құрамында; 8-ші жеке атқыштар бригадасы құрамында атқыш ретінде соғысқан. 1945 жылы қарашада әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар облысы, Екібастұз ауданының Төртқұдық мектебінде оқу-ісі меңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі, директоры болып жұмыс істеген.
Марапаттары. Отечественной войны І степени, Красной Звезды ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «Ветеран труда» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерейтойлық медальдары; «Ветеран войны 1941-1945 гг.», «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» төсбелгілері.