Сайдалин Қалкен (Кайкен) Ахметович

1925 жылы туған, 1978 жылы қайтыс болды.

Атағы. Қатардағы гвардия жауынгері.

Жауынгерлік жолы.  99-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 300-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында (3-ші Украин майданы) мерген ретінде соғысқан. Венгрияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Куйбышев ауданы «Победа» ұжымшарының төрағасы, Баянауыл ауданы «Степной» кеңшарының аграномы болып жұмыс істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Трудового Красного Знамени ордені; «За отвагу», «За взятие Вены», «За освоение целинных земель» медальдары.