Салиқов Жамалиден

1916 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Теңдік ауылының тумасы; 1981 жылы қайтыс болды, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл кенті.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. 1941 жылғы 10 маусымда ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына 701-ші атқыштар полкінің құрамында қатысқан. 1942 жылғы мамырда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Магнитогорск қаласында (РСФСР) темір ұстасы; аудандық өнеркәсіп комбинатында (орналасқан жері көрсетілмеген), Баянауыл нан қабылдау пунктісінде, Баянауыл аудандық тұрмыс комбинатында, Қ.Сәтбаев атындағы кеншарда темір ұстасы болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Медалі «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары.