1918 Жылы Баянауыл ауданының Жосалы (қазіргі Ж.Аймауытов) ауылында дүниеге келген. 1999 жылы дүниеден озды.
Жауынгерлік жолы. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусым айының 25 күні шақырылып, 23-ші темір жол бригадасы, 34-ші бөлімшенің әскери темір жол батальонында әскери борышын өтеді. Украинада 114-ші атқыштар полкы сапында шайқастарды басынан өткерді.
Еңбек жолы. 1950-1956 жылдар аралығында Баянауыл ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік жеткізу агент ретінде жұмыс атқарды.. 1956-1958 жылдары шығу инспекторы, 1958 жылдың тамыз айынан бастап «Комсомольский» кеңшарының қой өсіру базасының меңгерушісі, сондай-ақ, «Ленин жолы» кеңшарының, «Лекер» пунктінің бордақылау базасының меңгерушісі болды.
Марапаттары. «За отвагу», «За взятие Кёнигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Вооруженным Силам СССР», «Шестьдесят лет Вооруженным Силам СССР», «Семьдесят лет Вооруженным Силам СССР», Маршала Советского Союза Г. К. Жукова мерейтойлық медальдары.