1917 жылы 7 қарашада туған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы. 1991 жылы 24 желтоқсанда қайтыс болған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Бірлік ауылы.
Әскери мамандығы. Прожекторшы, радиопрожекторшы.
Атағы. Гвардия сержанты.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жыл қарашада шақырылған. Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысында Батыс майданында ӘҚҚ әскерлерінің 2-ші зенитті-прожекторлық дивизиясы, 14-ші, (21)-зенитті-прожекторлық полкі құрамында прожекторшы, дыбыс ұстағыш станцияның бастығы ретінде соғысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Аудандық әскери комиссириаттың қызметкері, аудандық кеңестің аға инспекторы, аудандық ішкі істер бөлімі комендатурасы комендантының көмекшісі, аудандық қаржы бөлімінің салық инспекторы, «Жосалы» кеңшары 2-ші бөлімшесінің басқарушысы, «Бірлік» кеңшарының бөлімше басқарушысы, жұмысшы комитетінің төрағасы, директоры болып істеген. (Баянауыл ауданы, Павлодар облысы).
Марапаттары. Отечественной войны II степени, Славы II степени ордендері; «За боевые заслуги», «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» мерейтойлық медальдары.