Сейсембеков Мүлкібай

1915 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1942 жылдың мамырында шақырылған. Калинин майданы әскерлері құрамында кіші командир ретінде шайқасқан. 1943 жылы жарақатына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл аудандық жер бөлімінің бас зоотехнигі; Павлодар облыстық біржылдық ауыл шаруашылығы мектебінің (Павлодар қаласы) оқытушысы, оқу бөлімінің меңгерушісі; Павлодар облыстық атқару комитеті төрағасының көмекшісі, орынбасары, Қазақ КСР Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы және дайындау басқармасы басшысының орынбасары (Павлодар қаласы), Қазақстан Компартиясы Баянауыл аудандық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Қараоба МТС аймағы бойынша Куйбышев аудандық комитетінің хатшысы; Лебяжі ауданы «Лебяжі» кеншарының директоры (Павлодар қаласы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Знак Почета; медалі «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».