1925 жылғы 17 ақпанда туған, Павлодар облысы Шарбақты ауданының тумасы; 1985 жылғы 9 желтоқсанда қайтыс болды.
Жауынгерлік жолы. 1943 жылдан кешікпей ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. «Жаңаауыл» ұжымшарының бригадирі, Щарбақты ауданы МТС-та (атауы көрсетілмеген), Баянауыл ауданы «Қарасауық» кеңшарының малшысы болып жұмыс істеген. Баянауыл ауданы Александровка ауылында тұрды (Павлодар облысы).