1912 жылы Баянауыл ауданының №12 ауылында дүниеге келген. 1976 жылы 16 қарашада дүниеден озды.
Жауынгерлік жолы. 1941 жылы әскер қатарына шақырылады. 1942 жылдың қаңтарынан 1942 жылдың сәуіріне дейін Өскемен қаласындағы 9-ыншы атты әскер құрамында дайындықтан өткен соң майдан шебіне аттанады. 3-інші гвардиялық корпус, 5-інші гвардиялық дивизия, 17-інші гвардиялық полктің 1-інші эскадрон сапында шайқастарға қатысады.
Еңбек жолы. 1933 жылдан 1937 жылға дейін «Майқайыңалтын» руднигінде жұмыс істейді. 1937 жылы аудандық комсомол ұйымының қызметкері болып орналасады. 1939 жылы Баянауылдағы балалар үйінің директоры болып қызмет атқарады. 1940 жылы Шөптікөл руднигінде партия ұйымының хатшысы қызметіне ауысады. Тың игеруге қатысып, Александровка колхозында (қазіргі Торайғыр) жүргізуші болып, 1961 жылы Бірлік ауылына қоныс аударып, жүргізуші болып адал еңбек атқарады.
Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За отвагу» (Екеу), «За оборону Ленинграда», «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары; мерейтойлық медальдары: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».