1925 жылғы 17 ақпанда туған, Павлодар облысы Аққулы ауданының тумасы.
Атағы. Қатардағы жауынгер.
Жауынгерлік жолы. 1943 жылғы маусымнан кешікпей ЖШҚА-ға шақырылды. Кеңес-жапон соғысына 209-шы атқыштар дивизиясы 579-шы атқыштар полкінің құрамында (Байкал майданы) атқыштар ротасының санитары ретінде қатысқан.
Еңбек жолы. «Социал» ұжымшарының бригадирі (Павлодар облысы Галкин ауданы), «Первое мая» ұжымшарының механигі (Павлодар облысы Лебяжі ауданы), Баянауыл аудандық денсаулық сақтау бөлімі подхозының директоры, Александр геологиялық барлау партиясы механикаландырылған бұрғылаудың аға жұмысшысы, Майкөбе геологиялық барлау патиясының аға барлау жұмысшысы, «Карасук» кеңшарының аккумуляторщигі, күзетшісі болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).