Сләмбеков (Сланбеков) Мұхтар Сарбасұлы

1922 жылғы 1 қарашада туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 2001 жылғы 18 маусымда қайтыс болды. Павлодар облысы Баянауыл ауданы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Кіші сержант.

Жауынгерлік жолы. 1942 жылғы 13 қаңтарда ЖШҚА-ға шақырылды. 152-ші запастағы атқыштар полкінің құрамында атқыш; 376-шы атқыштар дивизиясы 1252-ші атқыштар полкінің құрамында рота старшинасы; №2229 әскери-техникалық қоймасының қоймашысы; 175-ші жекелеген аспалы от шашу ротасының құрамында командир көмекшісі; 98-ші химиялық қорғаудың жеке батальонының құрамында атқыш; 140-шы атқыштар дивизиясы 96-шы атқыштар полкінің құрамында (Волхов, Ленинград, 4-ші Украин майдандары) бөлімше командирі, взвод командирінің көмекшісі, рота хаттаушы ретінде соғысқан.

Еңбек жолы. Жаңаұйым толық емес орта мектебінің әскери жетекшісі, мұғалімі, «Большевик» ұжымшары бастауыш мектебінің меңгерушісі, Жаңатілек толық емес орта мектебінің мұғалімі, Мұрынтал, Күркелі бастауыш мектебінің меңгерушісі, Большевик толық емес орта мектебінің есеп жүргізушісі, «Баянауыл» кеңшары клубының меңгерушісі, Жосалы кеңшары жұмысшылар коорпоративі төрағасының орынбасары, мұнай базасының меңгерушісі, кеңшар жұмысшылар коорпоративінің бухгалтері, «Южный» кеңшары шопаның көмекшісі болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За отвагу» (Екеу), «За оборону Ленинграда», «За освобождении Праги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К.; белгі: «25 лет  Победы в Великой Отечественной войне», «Ветеран войны 1941-1945 гг».