Смағұлов Түсіпбек

1908 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауылының тумасы.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1942жылдың мамырында шақырылған. Воронеж майданы 232-ші атқыштар дивизиясы 498-ші атқыштар полкінің 1-ші батальоны құрамында атқыш, бөлімше командирі ретінде, КСРО  IIXK Ішкі істердің 17-ші атқыштар бригадасы 207-ші атқыштар батальоны құрамында шайқасқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Каганович ауданы «Райзаготживсырье» конторының бухгалтері, Каганович аудандық сауда бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Каганович аудандық тұтынушылар одағы сауда бөлімінің меңгерушісі, төрағасы (Павлодар облысы) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Красной Звезды; медалі: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».