1919 (1923) жылғы 25 желтоқсанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1995 жылғы 16 наурызда (сәуірде) қайтыс болды. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті.
Әскери мамандығы. Атқыш.
Атағы. Қатардағы жауынгер.
Жауынгерлік жолы. 1942 жылғы 3 наурызда ЖШҚА-ға шақырылды. 390-шы запастағы атқыштар полкінің құрамында; 364-ші атқыштар дивизиясы 1212-ші атқыштар полкінің құрамында; 346-шы атқыштар дивизиясы 1164-ші атқыштар полкінің құрамында (1-ші Белоруссия майданы) соғысқан. Сталинград шайқасына, Сиваш өзенін ұрыспен кешіп өтуге, Белоруссияны, Украинаны Польшаны азат етуге, Берлин қаласын алуға қатысқан. 1945 жылғы 25 қыркүйекте әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. «Майқайыңалтын» комбинаты құрылысмонтаж басқармасының балташысы, бригадирі болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті.).
Марапаттары. Отечественной войны II степени, Трудового Красного Знамени ордендері; «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За трудовое отличие» медальдары; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «60 років визволення Украіни від фашистськихзагарбників» (Украина); белгі «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «Ветеран войны 1941-1945 гг.».