1921 жылдың 16 мамырында туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тумасы.
Атағы. Старшина.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 1 қаңтарында шақырылған. 8-ші атқыштар дивизиясының 229-шы атқыштар полкінің құрамында; 1-ші гвардиялық механикаландырылған корпусы құрамында; 59-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 176-шы гвардиялық атқыштар полкі құрамында (Оңтүстік-Батыс, 1-ші Украина майдандары) шайқасқан. 1946 жылдың 6 маусымында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Алматы, Іле аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің зоотехнигі (Алматы облысы), МЖС-нің аға зоотехнигі, Баянауыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас зоотехнигі, ауданы Октябрь МТС-нің директоры, ауданы Жамбыл атындағы ұжымшарының (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) төрағасы болып жұмыс істеген.
Марапаттары. Орден: Красной Звезды; медалі: «За отвагу».