1924 жылдың 7 желтоқсанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылының тумасы; 2018 жылы 22 қыркүйеге Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында қайтыс болған.
Әскери білімі, мамандығы: Тамбов жаяу әскер училищесі (1943), зеңбірек взводының командирі.
Атағы. Лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 5 тамызында шақырылған, 164-ші атқыштар дивизиясының 620-шы атқыштар полкі құрамында зеңбірек взводының командирі ретінде (Батыс майданы) шайқасқан. Смоленск облысын (РКФСР), Белоруссияны азат етуге қатысқан. 1945 жылдың желтоқсанында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Баянауыл ауданы аумағында жұмыс істеген геологиялық-барлау, алтын іздеу партиясында қара жұмысшы; Баянауыл орыс орта мектебінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, Баянауыл сегіз жылдық мектептің директоры, мұғалімі, №3-ші Баянауыл орта мектебінің директоры, мұғалімі (Павлодар облысының Баянауыл ауданы) болып жұмыс істеген.
Павлодар облысының құрметті азаматы, Павлодар облысы Баянауыл ауданының құрметті азаматы.
Марапаттары: Орден: Отечественной войны І степени; медальдар «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда», мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60- жыл», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл», Маршала Советского Союза Жукова Г.К., «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов», «60 год вызвалення Рэспублікі Беларусь ад нямецка-фашысцкіх захопнікау» (Белоруссия Республикасы), «65 год вызвалення Рэспублікі Беларусь ад нямецка-фашысцкіх захопнікау» (Белоруссия Республикасы), «70 год вызвалення Рэспублікі Беларусь ад нямецка-фашысцкіх захопнікау» (Белоруссия Республикасы); белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «Қазақ КСР халықтық ағарту ісінің үздігі».