1915 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1987 жылы 4 мамырда қайтыс болды.
Әскери білімі. Батальон командирі мен саяси қызметкерлердің орынбасарлары курстары (1943).
Атағы. Аға лейтенант.
Жауынгерлік жолы. 1939 жылы қыркүйекте ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысындағы 712-ші атқыштар полкінде бөлімше командирі ретінде; атқыш батальоны командирінің орынбасары ретінде; батальонның партиялық ұйымдастырушы ретінде 18-ші автомобиль бригадасының 58-ші жеке автомобиль полкінің құрамында; мотоатқыштар полкі құрамында (Воронеж, Батыс, Оңтүстік-Батыс, 1 Белоруссия майдандары) соғысқан. Украинадағы шайқастарға, Польша, Германияны азат етуге қатысты. 1946 жылы наурызда әскерден қайтарылды.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Киров атындағы ұжымшардағы толық емес орта мектепте мұғалім, орналасқан жері көрсетілмеген мектептің оқу істері меңгерушісі, директор болып жұмыс істеді.
Марапаттары. Отечественной войны II степени, Красной Звезды ордендері; «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдары; мерейтойлық медальдары: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К.; белгі «Отличник народного просвещения Казахской ССР».