Стеценко Леонид Иванович

1916 жылы туған, Украинаның Харьков облысы Красноград қаласының тумасы.

Әскери маманыдығы. Әскери фельдшер.

Атағы. Медициналық қызметтің аға лейтенанты.

Жауынгерлік жолы. 1941 жылы шілдеде ЖШҚА-ға шақырылды. 258-ші жеке медициналық  батальонда, 30-армияның штабында жеке медициналық батальонда әскери  фельдшер ретінде; Калинин майданының 30-армиясының 250-ші атқыштар дивизиясының құрамында аға әскери фельдшер ретінде; №173 әскери-санитарлық пойызының фельдшер ретінде соғысты. Калинин қаласын (РСФСР) қорғауға қатысты.

Еңбек жолы. Алексеевка кеңшарының фельдшерлік пунктінде, Майқайың медициналық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі.