Сыздықов Кәрімжан (Қарымжан) Рахымжанұлы

1925 жылы 20 наурызда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1999 жылы 1 шілдеде қайтыс болды, Павлодар облысы Баянгауыл ауданы Майқайың кенті.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Ефрейтор.

Жауынгерлік жолы. 1943 жылы ақпанда ЖШҚА-ға шақырылды. Кеңес-жапон соғысына мотоатқыштар дивизиясында пулеметші ретінде қатысқан. 1949 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы.  «Жосалы» кенішінде тау-кен статисты, экономист, стандарттаушы, кадрлар бөлімінің аға инспекторы, жер асты баррельді тасымалдаушы, шахта бетіне бекіту материалдарын жеткізуші, Майқайың барлау партиясында жұмыс  таратушы, жерасты жолының жұмысшысы, №42 шахтаның жұмыс таратушысы және «Аймандай» кенішінің жеткізушісі болып, бірінші бөлімнің инспекторы, еңбек және кадрлар бөлімінің инспекторы, күрделі құрылыс бөлімінің нормативті-техникалық маманы, техникалық жабдықтаудың аға сатушысы, ауылшаруашылығын жөндеу жөніндегі слесарі, қосалқы шаруашылықтың сантехнигі, мал өсіруші бригаданың жетекшісі, тиеу-түсіру бөлімнің жүк тиегеші, «Майкаинзолото» комбинатының қосалқы шаруашылығының күзетшісі (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) болып қызметтер атқарды.

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «Ветеран труда» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков мерейтойлық медальдары; «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» төсбелгісі.