Сүйенов Қайырден

1922 жылы туған, Павлдар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2014 жылдың 1 наурызында қайтыс болған, Павлодар қ.

Әскери білімі. Кіші командирлер курсы (Петропавл қ., 1942).

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың желтоқсанында туған. Ұлы Отан соғысында  Сотүстік Кавказ майданы 20-шы атқыштар дивизиясының 67-ші атқыштар полкі құрамында станокты пулеметтер бөлімшесінің командирі ретінде шайқасқан. Керчи қаласын қорғауға, Нальчик қаласын (РКФСР), Чехославакияны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1946 жылдың желтоқсанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Семей облыстық сотының шаруашылық меңгерушісі (Семей қ.), Павлодар қаласында құрылыс ұйымдары қоймасының меңгерушісі, Павлодар облыстық атқару комитетінің еңбек бойынша уәкілі (Павлодар қ.) болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «Знак почета»; медальдар: «За отвагу», «За оборону Кавказа», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60-жыл», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65-жыл», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуов медалі, «60 років визволення Украіни від фашистських загарбників (Украина), «60 год вызвалення Рэспублікі Беларусь ад нямецка-фашысцкіх захопнікау» (Белорусия Республикасы); белгі «Ветеран войны 1941-1945 гг.».