Сәрсенбаев Бекежан

1924 жылдың 16 шілдесінде туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Жауынгерлік жолы.  ЖШҚА-ға 1941 жылы шақырылған. КСРО IIXK 181-ші жеке жойғыш батальонының құрамында шайқасқан. Вязьма, Можайск, Калинин, Торопецк қалаларын (РКФСР), Латвияны, Литваны, Шығыс Пруссияны, Польшаны, Германияны азат ету ұрыстарына,  Батыс Украина аумағындағы бандаларды жоюға қатысқан. 1948 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» тау-кен байыту комбинатының экономисі болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Медальдар: «За взятие Кенигсберга», «За освобождение Варшавы»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; знак:  «25 лет  Победы в Великой Отечественной войне».