1902 жылы Баянауыл ауданының қарапайым отбасында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке құштар жас қатарынан алды болуға тырысты.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында Кенигсберг, Шығыс Пруссия, Германияны азат етуге, Батыс пен Ленинград, бірінші және екінші Беларуссия шайқастарында оқ пен оттың ортасында жүреді.
Қиян-кесті ұрыстағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және өзге де орден, медальдермен марапатталған.
Еңбек жолына да түрлі салада қызмет етті: Баянауылда аукомпартия ВКП (б)-да инструкторы, Баянауыл ауданы «Семіз Бұғы» руднигінде партком (1938 жылға дейін Баянауыл ауданы Қарағанды облысының құрамында болды), Баянауыл аудандық байланыс бөлімінің басшысы, Баянауылда райплан председателі, 18-ші партконференциясының колхоз председателі. Сондай-ақ, Жаңатлек кеңшарының председателі, Баянауылда союзпечатінің басшысы, Баянауыл – маслопромының директоры қызметтерін атқарды.
Ерен еңбегі үшін де орден медальдарымен марапатталды.
Отбасын құрып, 5 бала тәрбиелеп өсірді. 1969 жылы 29 желтоқсанда дүниеден озды.