1915 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, №19 ауылында туған. 1939-1945 жылдары артиллериялық училищеде танкке қарсы қару-жарақ артиллеристі мамандығы бойынша білім алған. Ефрейтор дәрежесінің иегері.
1939 жылдың қарашасында Баянауыл әскери комиссариатымен шақыртылып, елін жаудан азат етуге аттанады. 1945 жылдың 20 қазанына дейін соғыста болды. 1941 жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпанына дейін №80 танкке қарсы артиллеристтер полкінің №570 танкке қарсы жойғыштар полкі гвардиясының құрамында болды.
Сталинград қаласы (Сталинград шебі) қорғауға және босатуға және өзге де көптеген шайқастарға қатысты. Майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20,25,30 жыл», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Майдан шебінен оң қолынан айрылып, І топтағы мүгедек болып оралды. Соғыстан оралған соң «Майқаыңалтын» комбинатында әртүрлі жұмыстармен айналысты. 1975 жылы 4 қарашада Баянауыл ауданы, Майқайың кентінде қайтыс болды.