«Тәуелсіздік – жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті.

 

22 қараша Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзінің даңқты ел екенін мойындата білді.

Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны жергілікті әнші Есмақаев Мәдидің Тәуелсіздік әнімен басталды. Сонымен қатар, Қазақстан басынан өткізген қиын кезеңдерді видеобаян арқылы көрсетілді. Шараға: Шәйкен Айманов атындағы мектептің 9-а сынып оқушылары, Шапық Шокин атындағы мектептің 9-а сынып оқушылары, сондай-ақ Баршынбаев Мейіржан әдеби-музыкалық композиция оқыды. 9-сынып оқушылары шараға белсене қатысып, өз ойларын толықтай жеткіздіре білді. 9-сынып оқушылары белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды .

 

 

Instagram