Мұса Шорман ауыл кітапханасында 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы аясында «Туған өлкеңнің тарихын білесің бе?» атты пікірталас өткізілді. Оқырмандардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында, ауыл тарихынан баяндама жасалып, ауыл келбетінен жасалған слайдпен таныстырылды. Шара барысында оқушылар туған өлке жайлы ойларын ортаға салады.