2022 жылдың қазан айының алтыншы жұлдызында ауыл кітапханаларында заманауи талапқа сай модельдік стандартты енгізілу мақсатында, Мәшһүр Жүсіп ауыл кітапханасында жаңа қоғамдық кеңістік — коммуникация оралығында презентация өткізілді.
Коммуникация орталығында әр жастағы адамдар өз бетінше немесе топпен жұмыс істеуге, кездесулер өткізуге, сүйікті кітаптары мен мерзімді басылымдарын оқуға, әңгімелесуге келе алады. Мұнда қажеттінің бәрі бар — демалуға және оқуға арналған аймақ, бірлескен және жеке жұмыс істеуге арналған аймақ, сонымен қатар, қызметкерлер біздің пайдаланушыларға маңызды ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.
Коммуникация орталығындд презентацияға, Мәдениет үйіннің меңгерушісі Сейтов Жұмкен Арқалықұлы және де тұрақты оқырмандардың қатысуымен өткізілді.