«Кітапхана терапиясы»

Білім мекені кітапханамыздың негізгі мақсатының бірі оқырман

қауымның сұранысын қанағаттандыру, кітап оқуға тарту, халықтың

санасын, дүниетанымын кеңейтіп, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін

арттыру. Осындай игі мақсатпен Егіндібұлақ ауыл кітапханашысы

«Кітапхана терапиясы» жобасы бойынша ауыл мектебіне ұстаздар

мен оқушыларға және «Балбұлақ» шағын орталығына барып,

кітаптар ұсынып, библиогид жасалды.