Аймауытов ауылының кітапханасында, археолог, тарихшы, этнограф,
әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы, академик,
профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы
Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай, «Кең ойдың кемелі, биігі»
атты тарихи тұлға сағаты өткізілді.
Іс- шара барысында Ә.Х.Марғұланның өмір жолы мен келешек ұрпаққа
өнеге ретінде қалдырып кеткен қолжазбаларының жинақталып басылымға
шыққан «Олжабай батыр» шығармаларынан, негізгі еңбектерінен тұратын
туындыларымен таныстырылды.Мақсаты: тарихшы жайлы тың мәліметтер
беріп, жасаған еңбектерін насихаттау.
«Дара тұлға» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.